Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен былтыр 4 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Мирболат Мырзатайұлының (Бишуинов) шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Осылайша, бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімі өзгеріссіз қалдырылып, блогердің жазасы заңды күшіне енді. Сот процесі барысында прокурор блогердің әрекеттеріне қатысты өз ұстанымын білдірді.
"Ол тілге қатысты арандатушылық сипаттағы сұрақтар қойған және мекеме басшысының қазақ тілін білмегені үшін оны жұмыстан босатуды талап еткен", - деді мемлекеттік айыптаушы.
Еске сала кетейік, Мирболат Мырзатайұлына қатысты сот үкімі өткен жылы шыққан болатын. Ол қоғамда "тіл патрулі" деген атпен танылған белсенділердің бірі ретінде танымал болған еді.
Фото: Әлеуметтік желіден




