"Алайда жұмыс орнында алкогольдік ішімдік ішу фактісі расталмады", - деп хабарлады ведомство.Фото: Әлеуметтік желіден
Абай облысында прокурорлар терезе алдына қойған бөтелкелер үшін қатаң сөгіс алды
Абай облысы прокуратурасының қызметкерлері терезедегі бөтелкелер үшін сөгіс алды. Ведомство ішімдік ішу фактісі расталмағанын мәлімдеді.

Абай облысы прокуратурасының қызметкерлері жұмыс орнындағы терезе алдында байқалған алкоголь бөтелкелеріне байланысты қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған сурет қоғамда үлкен талқы тудырып, артынша қызметтік тексеріс басталған. Прокуратураның ресми хабарлауынша, тексеріс нәтижесінде екі қызметкерге қатысты тәртіптік шара қолданылған.
Сонымен қатар, жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін маман мен оның тікелей басшысы да жауапкершілікке тартылып, сөгіс алғаны белгілі болды. Дегенмен, кінәлі деп танылған қызметкерлердің нақты лауазымдары жария етілмеді.
Related

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·