Қабағым жарылды - Ләйла Сұлтанқызы Fly Arystan үстінен арыз жазды
Мен Fly Arystan компаниясының үстінен арыз жаздым. Бүгін кешкі 21:50 (оқиға кеше болған, - ред.) шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, орнынан тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) за

Мен Fly Arystan компаниясының үстінен арыз жаздым. Бүгін кешкі 21:50 (оқиға кеше болған, - ред.) шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім.
Ұшақтың есігі ашылмай, орнынан тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан болған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым. Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын салфетка жоқ.
Менің орнымда бала немесе қарт адам отырып, басы жарылып, қатты жараланса, миы шайқалып, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты болу керек. Алғашқы көмек көрсетуге міндетті!, - деді ол.
Журналист осы жайында өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Жазбаға қоса бірнеше фотосурет берілген. Осы фотоларға қарағанда, Ләйла Сұлтанқызына Fly Arystan компаниясының медицина қызметкерлері алғашқы көмекті көрсеткен.
Related

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·