Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

Қайрат Нұртас туған күнін отбасымен бірге атап өтті

Танымал әнші Қайрат Нұртас 25 ақпан күні 36 жасқа толып, туған күнін отбасымен бірге мейрамханалардың бірінде атап өтті, деп хабарлайды  Todayinfo ақпарат агенттігі. Мерекелік кештен фото мен видеоларды әншінің жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасынд

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қайрат Нұртас туған күнін отбасымен бірге атап өтті
Танымал әнші Қайрат Нұртас 25 ақпан күні 36 жасқа толып, туған күнін отбасымен бірге мейрамханалардың бірінде атап өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Мерекелік кештен фото мен видеоларды әншінің жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасында бөлісті. «Әлем күте тұрсын! Балаларымның миына жарқын сәттерден мұрағат жиып жатырмын. Енді аздаған уақыттар өткен соң балаларымыз бізге мұқтаж болмайтын күндер де туады», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. Желі қолданушылары Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді: 🔹 «Қазақтың әр шаңырағына осындай бақыт тілеймін!» 🔹 «Әке-шешең, бала-шағаң аман болсын! Өнерің өрлей берсін!» 🔹 «Туған күнің құтты болсын, Қайрат балам! Балаларыңның қызығына кенеліп жүре бер!»

Related

Қайрат Нұртас туған күнін отбасымен бірге атап өтті · Todayinfo