Қарағанды облысында колледж директоры мемлекетке 16,9 млн теңге шығын келтірген
Қарағанды облысында Шет агротехникалық колледжі директоры мемлекетке 16,9 млн теңге шығын келтірген. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады. Прокуратура Шет агротехникалық колледжінің кейінгі 3 жылдағы мемлекеттік сатып алуларының конкурс құжаттамасына талдау жүргізген. Талдау

Қарағанды облысында Шет агротехникалық колледжі директоры мемлекетке 16,9 млн теңге шығын келтірген. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура Шет агротехникалық колледжінің кейінгі 3 жылдағы мемлекеттік сатып алуларының конкурс құжаттамасына талдау жүргізген.
Талдау барысында колледж директоры жеке пайда табу ниетінде өзінің қызмет бабын пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге шығын келтіргені анықталды.
2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» мен ЖШС арасында блок қазандығы жабдықтарын орнату туралы келісім бекітілген. Директор сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы заңсыз қосымша келісімге қол қойған.
Бұл орнатылған қазандықтардың техникалық талаптарға сай келмеуіне және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелген. Салдарынан қазір ескі, тозған қазандықтар қолданылып отыр.
Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тіркеліп, Қарағанды облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды.
Related

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·