Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қарағандыда ер адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам жұдырыққа алған. Тәртіп сақшылары бұзақының есімін анықтады. Оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Todayinfo Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Қарағандыда ер адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан
Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам жұдырыққа алған. Тәртіп сақшылары бұзақының есімін анықтады. Оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Todayinfo Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азаматты анықтады. Белгілі болғандай, ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң  ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.
«Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер азаматты ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», — деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем қызметкерінің миы шайқалған, мұрын сүйектері іштей сынған, кеудесі мен беті көгерген. фото: tengrinews.kz Todayinfo.kz 

Related

Қарағандыда ер адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан · Todayinfo