Қарындасымен жанжал себеп болған: Таразда жасөспірім өз ауласында асылып қалған
freepik.com Тараз қаласында қайғылы жағдай тіркелді. 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласындағы ағашқа асылып қалған күйі табылған, деп хабарлайды todayinfo.kz. Қайғылы оқиғаға не себеп болғанын қазір құзырлы органдар анықтап жатыр. Ресми емес мәліметке сүйенсек, жасөспірі

freepik.com
Тараз қаласында қайғылы жағдай тіркелді. 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласындағы ағашқа асылып қалған күйі табылған, деп хабарлайды todayinfo.kz.
Қайғылы оқиғаға не себеп болғанын қазір құзырлы органдар анықтап жатыр. Ресми емес мәліметке сүйенсек, жасөспірімнің мұндай қадамға баруына туған қарындасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Ол інісімен мобильді ойын үшін ұрсып қалып, анасынан шағымданатынын айтқан. Осыдан соң бозбала өз-өзіне қол жұмсаған.
HALYQSTAN тілшісінің анықтауынша, марқұм Тараздағы №27 мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес: анасы – жұмыссыз, ал әкесі ажырасқан соң бөлек тұрады. Үйде марқұмнан бөлек тағы үш кішкентай бала тәрбиеленіп жатыр. Жасөспірім – олардың тұңғышы.
Көршілерінің айтуынша, сол күні ол қарындасымен сөзге келіп, оны ұрып жіберген. Қарындасы бұл жағдайды анасына айтатынын айтып, қорқытқан. Біраз уақыттан кейін қыз бала өз ағасын аулада асылып тұрған жерінен көріп, жедел жәрдем шақырған. Кейбір болжамдарға сәйкес, жасөспірім шын мәнінде өмірімен қоштасқысы келмеген, тек қарындасын қорқытпақ болған. Алайда бәрі қайғылы аяқталған.
Қазір бұл жағдай бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) бойынша қозғалды.
Related

Оқиғалар
БҚО-да университеттің ректоры ұсталды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Қазақстан мұнайына тиелген екі танкерге шабуыл жасалып, өртке оранды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Әкесі есірткі жинаған: Аргентина құрамасын тұқыртқан Ламин Ямальдың өмір жолы
Айдар Керім·

Оқиғалар
Cемь человек погибли ночью в страшном ДТП в Туркестанской области
Айдар Керім·