Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қаскелеңде көпбалалы ана әкімдік алдында өз-өзін өртемек болды

Қаскелең қаласының тұрғыны, алты баланың анасы Гүлнар Молдабекова Қарасай ауданы әкімдігінің алдына келіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды todayinfo.kz Kaskelenkz мәліметінше, Молдабекованың айтуынша, ол Алтын ауыл ықшам ауданынан үйді бөліп төлеу арқылы сатып алған.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қаскелеңде көпбалалы ана әкімдік алдында өз-өзін өртемек болды
Қаскелең қаласының тұрғыны, алты баланың анасы Гүлнар Молдабекова Қарасай ауданы әкімдігінің алдына келіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды todayinfo.kz Kaskelenkz мәліметінше, Молдабекованың айтуынша, ол Алтын ауыл ықшам ауданынан үйді бөліп төлеу арқылы сатып алған. Қарызын толық өтеп, қолына қажетті құжаттарды алғанымен, үй иесі банктегі кепілдікті әлі күнге дейін шешпей отыр. Соның салдарынан әйел алты баласымен бірге баспанасынан айырылу қаупінде қалған. Анасының сөзіне сенсек, бұл әрекет қитұрқылықпен жасалып отыр. Қазір ол сот шешімін күтіп жүр. Сот шешімі ертең, 20 тамызда шығады.

Related

Қаскелеңде көпбалалы ана әкімдік алдында өз-өзін өртемек болды · Todayinfo