Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
📷 Ақорда

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Related