Жамбыл облысының екі ауданында соққан қатты дауылдың салдары жойылып жатыр, ал Тұрар Рысқұлов ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
21 ақпан күні аймақта желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Соның салдарынан 56 тұрғын үй мен әлеуметтік нысанның шатырына зақым келіп, ондаған ауыл жарықсыз және газсыз қалды.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жағдайды жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Құрылған жедел штаб бірінші кезекте энергия беруді қалпына келтіру және мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына кірісті.
Фото: Әлеуметтік желіден




