Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақ боксшылары Өзбекстан құрамасында өнер көрсетіп жатыр

Бокстан Өзбекстан чемпионатында әлемдік біріншілікте оза шапқан Мадияр Сайдрахимов пен Руслана Абдуллаевты қосқанда 15 этникалық қазақ бақ сынайды, деп хабарлайды  Todayinfo ақпарат агенттігі. 21 қаңтарда Ташкентте бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Өзбекстан чемпионаты ба

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақ боксшылары Өзбекстан құрамасында өнер көрсетіп жатыр
Бокстан Өзбекстан чемпионатында әлемдік біріншілікте оза шапқан Мадияр Сайдрахимов пен Руслана Абдуллаевты қосқанда 15 этникалық қазақ бақ сынайды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. 21 қаңтарда Ташкентте бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Өзбекстан чемпионаты басталды. Жарысқа Өзбекстан аумағында тұратын 15 этникалық қазақ қатысады. Қатысушылар арасында Өзбекстан ұлттық құрамасының боксшылары 92 келіге дейінгі салмақта Мадияр Сайдрахимов әлем чемпионатының жүлдегері, 63,5 келі әлем чемпионы Руслан Абдуллаев ерекше көзге түспек. Олардан басқа Саят Ілиясов, Сабыржан Тастанов, Арман Маханов, Қазбек Есеналиев, Гибек Мұратқасимов, Машрап Әбдіқайым, Асилхан Анарбаев, Мадияр Данияров, Айдос Тағайбаев, Амантай Шаланов, Иманғали Жайлауов, Сүндет Мұратов және Нұрислам Абдуллаевтар бар.

Related

Қазақ боксшылары Өзбекстан құрамасында өнер көрсетіп жатыр · Todayinfo