Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақ мұнайына шабуыл: Астана Еуропа мен АҚШ елшілерімен шұғыл кездесу өткізді

Қазақстан СІМ Қара теңіздегі қазақ мұнайын тасымалдаған танкерлерге жасалған шабуылды айыптап, халықаралық серіктестерді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қазақ мұнайына шабуыл: Астана Еуропа мен АҚШ елшілерімен шұғыл кездесу өткізді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қара теңіз акваториясындағы қазақ мұнайын тасымалдаған танкерлерге жасалған шабуылдарды қатаң айыптап, ешқандай әскери қақтығысқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

СІМ бұл оқиғаға "терең алаңдаушылық" білдіріп, серіктестерден энергетикалық инфрақұрылымды қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар Еуропа елдерінің, АҚШ-тың және басқа да мемлекеттердің елшілерімен шұғыл кездесулер өткізген. Келіссөздер барысында мұнай тасымалының қауіпсіздігі мен халықаралық теңіз құқығын сақтау мәселелері талқыланды.

"Қазақстан ешқандай қарулы қақтығысқа қатыспайды. Еліміз энергия тасымалдаушыларды тұрақты түрде жеткізуді жалғастырып, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосып келеді", - делінген министрлік хабарламасында.

СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мұндай оқиғалардың жиілеуі тұрақты энергетикалық жүйенің жұмысына қауіп төндіретінін атап өтті. Ол халықаралық серіктестерді шабуылдардың қайталануына жол бермеу үшін бірлескен қадамдар әзірлеуге шақырды.

Шабуылға ұшыраған кемелердің барлық қажетті рұқсат құжаттары мен сәйкестендіру жүйелері болғаны анықталды. Осы оқиғадан кейін депутат Айдос Сарым Украинаға "қысым көрсетуді" ұсынғаны да айтылды.

Фото: Envato Elements

Related

Қазақ мұнайына шабуыл: Астана Еуропа мен АҚШ елшілерімен шұғыл кездесу өткізді · Todayinfo