Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы елордада өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның сөзінше, блогерлер бұған дейін ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған. Стиримерлер Алматыда қамауда отыр. – Олар ұсақ бұзақылық жасағаны

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы елордада өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның сөзінше, блогерлер бұған дейін ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған. Стиримерлер Алматыда қамауда отыр.
– Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар айта кету керек, біздің полиция, нақтырақ айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – «Ұлтаралық араздықты қоздыру» дерегі бойынша тергеуді бастады, – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Бұл бап бойынша блогерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік стримерлердің қазақ қыздарына қатысты айтқан пікірлеріне наразылық білдірген-ді.

Related

Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды · Todayinfo