Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Қазақ тілі – кедейлердің тілі»: депутат Нұртазаның үстінен арыз түсірілді

Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның атынан "қазақ тілі – кедейлердің тілі" деген жазба тарады. Бұл сөзі үшін оның үстінен Бас прокуратураға арыз түсті.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
«Қазақ тілі – кедейлердің тілі»: депутат Нұртазаның үстінен арыз түсірілді
Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның атынан жарияланған пікір желіде үлкен дау тудырып, оның арты Бас прокуратураға жазылған арызға ұласты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, депутатқа тиесілі парақшада мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты даулы жазба пайда болған.
"Қазақ тілі – кедейлердің тілі", – деп жазған депутат.
Бұл пікір желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Белсенділер халық қалаулысының бұл сөзін "ұлттық араздықты қоздыру" деп бағалап, Бас прокуратурадан оған дереу құқықтық баға беруді талап етті. Оқиғаға қатысты депутат Самат Нұртазаның өзі әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Ол журналистердің сауалына жауап беруден бас тартқан. Фото: Әлеуметтік желіден

Related

«Қазақ тілі – кедейлердің тілі»: депутат Нұртазаның үстінен арыз түсірілді · Todayinfo