Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды

Фото: Яндекс Reddit платформасындағы Flags of the World Tournament онлайн-турнирінде қолданушыларының басым бөлігі Қазақстан туына дауыс берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Аталған байқауда мемлекеттік байрақтардың әсемдігіне мән берілді. Нәтижесінде, Қазақстан

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды
Фото: Яндекс Reddit платформасындағы Flags of the World Tournament онлайн-турнирінде қолданушыларының басым бөлігі Қазақстан туына дауыс берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Аталған байқауда мемлекеттік байрақтардың әсемдігіне мән берілді. Нәтижесінде, Қазақстан туымен өзге елдердің мемлекеттік рәміздері теңесе алмаған.
«Қазақстан – біздің чемпион! Баршаңыз дауыс беріп, бұл әлемдегі ең үздік ту деп шештіңіздер!» – делінген жарияланымда.
Екінші орынға Кирибати туы, ал үшінші орынға Бутан байрағы лайық деп танылды. Турнирде 64 елдің туы қарастырылды. Әр раундта байрақтар дауыс беру арқылы келесі кезеңге өтіп отырды. Өтпегендері байқаудан шығып қалды. Алтыншы раундта, яғни финалда Қазақстан байрағы Кирибати рәмізінен басым түсті. Сондай-ақ Сейшель аралдарының, Ұлыбританияның, Бразилияның, Шри-Ланканың, Ямайканың және Папуа – Жаңа Гвинеяның тулары да жақсы дауыс жинап, соңғы раундтарға дейін жетті.

Related

Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды · Todayinfo