Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қылмыс жасаған адамдардың кінәсін дәлелдеу бойынша екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына бағытталған. Бұған дейін Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен халықаралық шарттар жасасқан болатын. Осылайша, Катар Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында қажетті халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырған Парсы шығанағының кезекті мемлекеті болды.«Атап айтқанда, қылмысқа күдіктіні ұстап беру туралы келісім тараптарға бір елде қылмыс жасаған және басқа елде жасырынған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Бас прокуратура.
Қазақстан Катармен қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімдер жасасты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Катар арасында қылмысқа күдікті адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, с

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Катар арасында қылмысқа күдікті адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстың трансұлттық түрлеріне қарсы күреске арналған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·