«Энергетика, логистика, қаржы, интеллектуалды технологиялар, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа түрлі салада ынтымақтастығымызды кеңейтуге мүмкіндік мол. Masdar, Presight, Abu Dhabi Ports, Terminal Holdings және Аbu Dhabi Commercial Bank cекілді серіктестерімізбен бірге жүзеге асырып жатқан маңызды жобалар өзара ықпалдастықтың қарқын ала түскеніне айқын дәлел. Осы және басқа да бастамалар екіжақты қарым-қатынастың дәйекті әрі тиімді дамып келе жатқанын көрсетеді»,-деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.Бизнес форум аясында цифрлық технология дамуына, қаржы, урбанистика және «жасыл» экономика салаларындағы заманауи трендтерге арналған тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды. Екі елдің бизнес өкілдері B2B форматында кездесулер өткізді. Форумға Әмірліктерден Абу Даби Экономикалық даму департаментінің, БАӘ сауда-өнеркәсіп палаталарының, сондай-ақ Masdar, AMEA Power, Abu Dhabi Ports Group және тағы да басқа ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Фото: Ақорда
Қазақстан мен БАӘ арасында 5 млрд доллардың келісімі жасалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Todayinfo. Қол қойылған коммерциялық құжаттардың жалпы сомасы 5 млрд долларға жуық. Бұл эконо

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.
Қол қойылған коммерциялық құжаттардың жалпы сомасы 5 млрд долларға жуық. Бұл экономиканың негізгі секторларын қамтиды. Қазақстанға 4,3 млрд доллардан астам инвестиция құйған БАӘ – еліміздің Шығанақ аймағындағы жетекші сауда және инвестициялық серіктесі.
Related

News
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

News
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·

News
«Қыздың беті өз үйінде ашылды»: Жәкішевтер әулетінің тойы қызу талқылануда
Айғаным Нариманова·

News
Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье
Жаннұр Еділбаева·