Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде нешінші орында?
Numbeo.com сайтында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қауіп-қатер мен қылмыс деңгейін бөлек қадағалауға болатын елдер рейтингі жарияланды. Қылмыс рейтингінде Қазақстан 45,6 индексімен 75-орында тұр. Өткен жылы Қазақстан 72-орында болып, индекс 46,4 баллды құраған. Бір а

Numbeo.com сайтында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қауіп-қатер мен қылмыс деңгейін бөлек қадағалауға болатын елдер рейтингі жарияланды.
Қылмыс рейтингінде Қазақстан 45,6 индексімен 75-орында тұр. Өткен жылы Қазақстан 72-орында болып, индекс 46,4 баллды құраған.
Бір айта кетерлігі, бұл рейтингте Қазақстаннан жоғары орындарды Қырғызстан (43-орын) және Беларусь (54-орын) иеленген. Ресей 97-орында, ал Өзбекстан 120-орынға жайғасқан.
Қауіпсіздік индексі ескерілген рейтингте Қазақстан 54,4 баллмен 72-орынды иеленді (2023 жылы осы кезеңде 73-орын, индекс 53,6 болған).
Рейтингке қарағанда, Қазақстанда өмір сүру Ұлыбритания (85-орын), Швеция (87-орын) және АҚШ (88-орын) сияқты елдерге қарағанда қауіпсіздеу. Рейтингке барлығы 146 ел енген. Венесуэла ең қауіпті, ал Андорра ең қауіпсіз ел деп танылған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·