Todayinfo.kz
NewsView all articles

2,5 келіден аз салмақ: Қазақстанда былтыр 17 мыңнан астам сәби шала туған

Былтыр елде дүниеге келген 367 мың сәбидің 4,8 пайызы мерзімінен бұрын туылған, деп хабарлайды   Todayinfo. Денсаулық сақтау министрлігі: «2024 жылы Қазақстанда 17 616 нәресте 36-аптаға жетпей, 2,5 келіден аз салмақта өмірге келді». Неонатология саласындағы жетістіктердің ар

By Айғаным Нариманова··1 min read
2,5 келіден аз салмақ: Қазақстанда былтыр 17 мыңнан астам сәби шала туған
Былтыр елде дүниеге келген 367 мың сәбидің 4,8 пайызы мерзімінен бұрын туылған, деп хабарлайды  Todayinfo.
Денсаулық сақтау министрлігі: «2024 жылы Қазақстанда 17 616 нәресте 36-аптаға жетпей, 2,5 келіден аз салмақта өмірге келді».
Неонатология саласындағы жетістіктердің арқасында шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін өсті. Егер 15 жыл бұрын 500-999 грамм салмақтағы бес баланың біреуі ғана аман қалса, бүгінде олардың жартысынан көбі толыққанды өсіп-жетілу мүмкіндігіне ие. Қазір Қазақстанда 773 неонатолог дәрігер қызмет атқарады.

Related

2,5 келіден аз салмақ: Қазақстанда былтыр 17 мыңнан астам сәби шала туған · Todayinfo