Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанда 4 млрд м³ газ қажет етілетін жобалар іске аспай қалуы мүмкін

Сарапшылар мұнай-газ саласына жүйелі қадағалау мен ұзақмерзімді стратегия қажет екенін айтты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қазақстанда 4 млрд м³ газ қажет етілетін жобалар іске аспай қалуы мүмкін

Мұнай-газ саласына жауапты бір үйлестіруші қажет. Бұл туралы Ulysmedia подкастында сарапшылар мәлімдеді.

Олардың айтуынша, саланың жүйесіз дамуы мен бастамалардың бір-бірімен үйлеспеуі еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазірдің өзінде бір уақытта бірнеше ірі жоба қолға алынбақ: ҚМГ-ның CNPC компаниясымен бірлескен жобасы, QazaqGaz бен түркиялық ESTA арасындағы келісім, “ҚазАзот” кәсіпорнының кеңею жоспары және Қытайлық инвестор тартылған тағы бір жоба.

Аталған төрт жобаға бірлесіп шамамен 4 миллиард текше метр газ қажет болады. Алайда сарапшылар елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертеді.

Мұнай-газ саласына неге үйлестірілген басқару қажет?

Қазақстан мұнай мен газға бай ел болғанымен, бұл жобаларды жүйесіз жүзеге асыру ұлттық мүддеге қайшы келеді. Шешімдерде сабақтастық болмай, әркім өз бетімен әрекет етсе, Крыловтың мысалындай, арба орнында қала бермек.

Салаға кешенді көзқарас қажет: болашаққа бағытталған стратегия, тұрақтылық және инвесторлар сенетін инфрақұрылым. Бұл үшін саланы жүйелі түрде басқаратын куратордың болуы аса маңызды.

Сарапшылардың пікірінше, тек осылай ғана еліміздің энергетикалық болашағы мен экономикалық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Related

Қазақстанда 4 млрд м³ газ қажет етілетін жобалар іске аспай қалуы мүмкін · Todayinfo