Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды

фото: MarcusR/Getty Images Ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы А

By Айғаным Нариманова··1 min read
Ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды
фото: MarcusR/Getty Images Ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы Атланттан келетін циклонның ықпалында болады. Ол қар жаууына, желдің күшеюіне және көктайғақтың түзілуіне себеп болады.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде боран күтіледі. Тек елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырдың қарға ұласуы және кей жерлерде қардың қалың түсуі мүмкін. Ауа температурасы да күрт төмендейді:
  • Солтүстік пен орталық өңірлерде күндіз -2...-10°C дейін суытады;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2...+7°C шамасында болады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз болуына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Related

Ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды · Todayinfo