Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанда бірнеше заң өзгереді: Тоқаев Парламентке нақты мерзім белгіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру үшін бірқатар заңды шұғыл өзгертуді тапсырды. Тиісті заңдар Парламент сессиясының соңына дейін қабылдануы тиіс.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қазақстанда бірнеше заң өзгереді: Тоқаев Парламентке нақты мерзім белгіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты шұғыл шараларды қолға алды. Ол Парламент пен Үкіметке бірқатар заңнамалық актіні жаңа Ата заңға сәйкестендіруді тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе Ақордада өткен арнайы жұмыс кеңесінде талқыланды. Жиынға Парламенттің екі палатасының төрағалары Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов және Президент Әкімшілігінің негізгі тұлғалары қатысты.

Мемлекет басшысы осыған қатысты «Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Енді алда ауқымды жұмыс тұр: жалпы алты конституциялық заң және басқа да үш заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Президенттің айтуынша, ең алдымен, билік институттарының қызметін реттейтін заңдарды жаңа Конституция нормаларына сәйкестендіру керек.

«Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент Үкіметке заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді де кешіктірмей түзетуді жүктеді. Заң жобаларын әзірлеу және қабылдау сапалы әрі уақтылы орындалуы тиіс.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Қазақстанда бірнеше заң өзгереді: Тоқаев Парламентке нақты мерзім белгіледі · Todayinfo