Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанда екі облыста өзендегі су деңгейі көтеріледі

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында бүгін, 19 сәуірде өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Мемлекеттік метеорологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланға ақпарат бойынша, 19-20 сәуірде еліміздің шығысы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қазақстанда екі облыста өзендегі су деңгейі көтеріледі
Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында бүгін, 19 сәуірде өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Мемлекеттік метеорологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланға ақпарат бойынша, 19-20 сәуірде еліміздің шығысында күн жылуы жалғасады, жауын-шашын күтіледі. Осыған байланысты екі өңірде қардың белсенді еруі байқалады.
«2024 жылғы 19–22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан және Абай (Жарма және Көкпекті аудандары) облыстарында жоғары температуралық фонның сақталуына және 19-20 сәуірде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ орта таулы аймақтарда қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіледі. Сондықтан автожолдарда, теміржолдарда, елді мекендер мен шаруалық құрылыстарда су жайылуы және су басуы мүмкін», - деп ескертеді синоптиктер.
 

Related

Қазақстанда екі облыста өзендегі су деңгейі көтеріледі · Todayinfo