Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанда енді жүргізуші куәлігі емтиханында заң бұзғандарға бір жылдық шектеу енгізіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері күшейтілмек. Енді емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құралдарды қолданғандар бір жылға дейін қайта тапсыру құқығынан айырылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, ә

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстанда енді жүргізуші куәлігі емтиханында заң бұзғандарға бір жылдық шектеу енгізіледі
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері күшейтілмек. Енді емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құралдарды қолданғандар бір жылға дейін қайта тапсыру құқығынан айырылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, әкімшілік жауапкершілік нормалары енгізіледі. Жаза тек емтихан тапсырушыларға ғана емес, жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен тұлғаларға да қарастырылған. Сонымен қатар жүргізуші куәлігіне емтиханды ақылы түрде шексіз рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бірақ әр әрекет арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы тиіс. Қазіргі таңда қазақстандықтарға үш рет тегін тапсыру мүмкіндігі берілген, ал екі рет сәтсіз тапсырғаннан кейін үшінші мүмкіндікті пайдалану үшін 30 күн күту қажет. Теориялық емтиханға қосымша шынайылық технологиялары (AR) енгізілмек. Ал практикалық бөлімде компьютерлік көру (Computer Vision) жүйесі қолданылып, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды. Бұл жаңашылдықтар емтихан кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ теориялық тест сұрақтарының сапасы мен тиімділігін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіледі.

Related

Қазақстанда енді жүргізуші куәлігі емтиханында заң бұзғандарға бір жылдық шектеу енгізіледі · Todayinfo