Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Қазақстанда инфляцияға байланысты коммуналдық тарифтерді көтеру кейінге шегерілді

Қазақстанда инфляцияның жедел өсуіне байланысты коммуналдық тарифтерді көтеру мерзімі кейінге қалдырылды. Бұл қадам халыққа түсетін қаржылық салмақты жеңілдетуге бағытталған,деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстан Үкіметі коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кестесін қайта қарау тура

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстанда инфляцияға байланысты коммуналдық тарифтерді көтеру кейінге шегерілді
Қазақстанда инфляцияның жедел өсуіне байланысты коммуналдық тарифтерді көтеру мерзімі кейінге қалдырылды. Бұл қадам халыққа түсетін қаржылық салмақты жеңілдетуге бағытталған,деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстан Үкіметі коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кестесін қайта қарау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ақылы қызметтер секторындағы инфляцияның күрт өсуіне байланысты қабылданғанын мәлімдеді Ұлттық экономика министрі – вице-премьер Серік Жұманғарин төрағалық еткен жиын қорытындысында. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша, инфляциялық қысымның негізгі көзі ақылы қызметтер болған. Бұл сегментте баға бір жыл ішінде 16,1%-ға өскен, бұл көрсеткіш азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлар бағасынан әлдеқайда жоғары. Үкімет тарифтерді ішінара кейінге қалдыру арқылы:
  • Халыққа түсетін қаржылық ауыртпалықты төмендетуді
  • Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Мемлекет инфляцияны тежейтін және әлеуметтік тұрақтылықты сақтайтын механизмдер әзірлеп жатыр.
 «Біз тариф саясатын нарықтық тетіктерге сай қалыптастырсақ та, әлеуметтік жауапкершілікті ескеруіміз қажет. Бұл – халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін мәселе», – делінген Үкімет хабарламасында.

Related

Қазақстанда инфляцияға байланысты коммуналдық тарифтерді көтеру кейінге шегерілді · Todayinfo