Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі жасырын түрде өзгертілді»: Ресей Ата Заңдағы өзгерістерді белсенді түрде талқылауға көшті

Қазақстан Конституциясының екінші тармағындағы орыс тілі туралы «тең» сөзі «қатар» ұғымымен алмастырылатын болды. Осы өзгерісті Ресей ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. «Московский комсомолец» порталының жазуынша, «қатар» ұғымы орыс тілін «мемлекеттік тілмен бірдей дәрежеде қо

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
«Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі жасырын түрде өзгертілді»: Ресей Ата Заңдағы өзгерістерді белсенді түрде талқылауға көшті
Қазақстан Конституциясының екінші тармағындағы орыс тілі туралы «тең» сөзі «қатар» ұғымымен алмастырылатын болды. Осы өзгерісті Ресей ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. «Московский комсомолец» порталының жазуынша, «қатар» ұғымы орыс тілін «мемлекеттік тілмен бірдей дәрежеде қолдану» құқығынан айырады екен.
«Қазақстанның жаңа Конституция жобасында ресми саладағы орыс тілінің мәртебесін түбегейлі өзгертетін көзге түсе бермейтін, бірақ өте маңызды өзгеріс болды. Республика билігі орыс тілін мемлекеттік тілмен «тең» қолдану туралы формулировкадан бас тартып, оны әлдеқайда әлсіз сипаттағы «қатар» ұғымымен алмастырды. Негізгі заңның тоғызыншы бабындағы «тең» сөзінің «қатар» сөзіне ауысуы орыс тілін мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдарда паритеттен айырады», - деп жазды басылым.
Басқа бірнеше ресейлік ақпарат құралы да бұл ақпаратты таратты. Олардың барлығы еліміздегі Ата заңға енгізілген өзгерісті сынға алды. Еске салайық, Конституциялық комиссия отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов «9 бап нақтыланып, «тең» сөзі «қатар» деп ауыстырылды деп мәлімдеген еді. Конституциялық реформаны талқылау кезінде дәл осы осы «тең» деген сөз қатты дау тудырып, тіл жанашырлары қарсылық танытқан еді. Тіл жанашырлары, азаматтық белсенділер мен саясаткерлер орыс тіліне қатысты тармақты алып тастауды немесе мазмұнын қайта қарауды ұсынды. Әсіресе әлеуметтік желіде «тең» сөзіне қарсылық қатты болды. Көптеген танымал тұлғалар, депутаттар, өзгеде адамдар қанша жерден үндеу жасағанмен, талап күйшемесе, азаймады. Ақыры Ата заңды қарап жатқан комиссия тең сөзінен ауыстыруға мәжбүр болды. Фото: Depositphotos

Related

«Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі жасырын түрде өзгертілді»: Ресей Ата Заңдағы өзгерістерді белсенді түрде талқылауға көшті · Todayinfo