Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға бір жыл ішінде 17%-ға дейін өсіп, инфляцияны басып озды, ал көктемде тағы 3-5% қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Qazaq Expert Club құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнурованың айтуынша, нарық құлдырап жатса да, бағаның өсуіне нақты себептер бар.
"Бағаның жылдық өсімін бірнеше жағдай қалыптастырды: 2026 жылдан бастап жаңа үйлерге 16% ҚҚС енгізілуі, құрылыс материалдары мен қаржыландыру құнының артуы, сондай-ақ құрылыс компанияларының жаңа жобаларды сақтықпен нарыққа шығаруы. Бұған қоса, пәтерден шығару ережелеріне қатысты талқыланып жатқан өзгерістер инвесторлардың екінші нарыққа деген қызығушылығын төмендетіп, сұранысты жаңа үйлерге ауыстыруда", - дейді сарапшы.
Ипотеканың нарықтық мөлшерлемесі 18–22% аралығында болса да, «Отбасы банкінің» жеңілдетілген бағдарламалары сұранысты қолдап отыр. Әсіресе көктемде депозиттер бойынша мемлекеттік сыйлықақылардың төленуі сатып алушылардың белсенділігін арттырады.
Осыған байланысты наурыз айында ең алдымен эконом және комфорт санатындағы баспана бағасының өсуі күтіледі. Бұл үрдіс әсіресе Алматы мен Астанадағы құны 36 миллион теңгеге дейінгі пәтерлерге қатысты болмақ. Ал екінші нарық тоқырауға ұшырауы мүмкін, ал бизнес және элиталық сегменттерге жеңілдетілген ипотека әсер етпейді.
Фото: Әлеуметтік желіден




