Қазақстандағы көші-қон: келушілер саны кеткендерден үш есеге асып түсті
Соңғы бір жылда Қазақстанға 23 761 адам келіп, 7 608 адам кеткен. Елден кетушілер ағыны 40,5%-ға азайған. Астана ішкі көші-қонда көш бастады.

Соңғы бір жылда Қазақстанға көшіп келгендердің саны елден кеткендерден үш есеге артық болды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елге 23 761 адам қоныс аударса, 7 608 адам шетелге көшкен, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Көші-қон белсенділігінің жалпы төмендеуіне қарамастан, елден кететіндер легінің 40,5%-ға күрт азаюы осындай оң айырманы қамтамасыз етті. Халық алмасуының негізгі бөлігі (шамамен 80%) бұрынғысынша ТМД елдерінің үлесінде қалып отыр.
Елішілік көші-қон көрсеткіші де 13,6%-ға өскен. Халық негізінен ірі мегаполистерге қарай ағылуда. Бұл үрдіс бойынша Астана (+87,5 мың адам), Алматы облысы (+33,1 мың), Шымкент (+15,1 мың) және Алматы қаласы (+12,1 мың) көш бастап тұр.
Этникалық құрамға келсек, елге оралғандар арасында қазақтардың үлесі 67,7%-ға дейін өскен (бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 56,6% болған). Ал елден кеткендердің басым бөлігі – қазақтар (48,6%), одан кейінгі орындарда орыстар (17,7%) мен немістер (13,1%) тұр.
Фото: Әлеуметтік желіден
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·