Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстандағы тренингтер: енді "коучтардың" қызметі қатаң бақылауға алынады

Қазақстанда жеке даму тренингтеріне бақылау күшейтіледі. Үкімет "коучтардың" қызметін реттейтін заңға түзетулер әзірледі.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қазақстандағы тренингтер: енді "коучтардың" қызметі қатаң бақылауға алынады

Қазақстанда жеке даму тренингтерінің қызметі енді заңмен реттелмек. Бас прокурор Берік Асылов үкіметтің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға тиісті түзетулер әзірлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бас прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің заңнамасында қысқамерзімді курстарды лицензиялауға, олардың жұмыс әдістері мен тренерлердің біліктілігіне қатысты нақты талаптар жоқ. Осының салдарынан тренингке қатысушылардың құқығын қорғау тетіктері әлсіз болып отыр.

Жаңа түзетулер қабылданғаннан кейін мемлекеттік органдар тренингтердің мазмұны мен әдістерін тексере алады. Ал тәлімгерлер мен «коучтар» өз қызметін адал ұсынуға міндеттеледі.

Сонымен қатар, тренинг барысында адамның ар-намысына тиетін, қысым көрсету, қорлау және мәжбүрлеу сияқты әрекеттерге құқықтық баға берілетін болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Қазақстандағы тренингтер: енді "коучтардың" қызметі қатаң бақылауға алынады · Todayinfo