Қазақстандағы туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жалғыз бейінді оқу орны Түркістан қаласында
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті - туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте ат

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті - туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған университет ректоры Әлібек Шоқпаров мәлімдеді.
«Университетте қызмет көрсету саласындағы халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлерінің қатарына кіретін оқытушы профессорлар сабақ береді. 2024 жылдан бастап 3 жылдық оқыту жүйесі іске асырылуда. Сабақтың тәжірибелік бөлігі туризм саласындағы мекемелер, қонақүйлер, туристік фирмалар, мұражайлар, әуежайлар және мейрамханалар базасында ұйымдастырылады. Осы бойынша дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда. Биыл университетті алғашқы 460 түлек бітіріп, олардың 57%-ы үш ай ішінде жұмысқа орналасты. 2022 жылы оқу орны жанынан Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Ал, 2023 жылы универиситет қабырғасында әскери кафедра ашылды. Ол жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуда маңызды рөл ойнайды», - деді университет ректоры.
Related

Turkistan city
Turkistan hosts qualifying round of "Senat Open" chess cup
Todayinfo редакциясы·

Turkistan city
«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!
Todayinfo редакциясы·

Turkistan city
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

Turkistan city
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·