Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстандық әнші қамауға алынды

Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан қазақстандық блогер, әнші, актриса Фарема Қазақпаева жауапқа тартылды. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қазақстандық әнші қамауға алынды
Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан қазақстандық блогер, әнші, актриса Фарема Қазақпаева жауапқа тартылды. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Сот YouTube видео хостингінде Қ.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған. Сот отырысында Қ., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  

Related

Қазақстандық әнші қамауға алынды · Todayinfo