Қазақстандық комик АҚШ-та жол апатына ұшырады (ВИДЕО)
Фото: вДудь/скрин видео в youtube Танымал комиктер Евгений Чебатков пен Павел Дедищев АҚШ-та жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Оқиға Нью-Мексико штатында түнгі уақытта орын алған. «Kia Carnival» көлігімен келе жатқан әртістер жолдағы бөгде зат

Фото: вДудь/скрин видео в youtube
Танымал комиктер Евгений Чебатков пен Павел Дедищев АҚШ-та жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оқиға Нью-Мексико штатында түнгі уақытта орын алған. «Kia Carnival» көлігімен келе жатқан әртістер жолдағы бөгде затқа соқтығысып, артынша бірнеше көлік «домино эффектісі» бойынша апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасы орнына полиция мен жол қызметкерлері келіп, кейіннен әртістердің көлігін эвакуациялады.
Евгений Чебатковтың айтуынша, апаттың салдары ауыр болуы мүмкін еді, бірақ көліктің үлкендігі оларды құтқарып қалған. Оның сөзінше, олардың көлігінің дөңгелектері қатты зақымданған, алайда басқа көліктердің зақымдануы одан да ауыр.
Чебатков пен Дедищев АҚШ-та бірлескен саяхатқа шыққан, бұған дейін олар 11 штаттан өткендерін мәлімдеген еді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·