Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін өткізуге қарсы петиция жариялады

Қазақстандықтар E-petition платформасына мәдениет және ақпарат министрлігіне Алматы мен Астанада өтеді деп жоспарланған ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін тоқтатуды талап етіп петиция жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Петиция мәтінінде Гагаринан

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін өткізуге қарсы петиция жариялады
Қазақстандықтар E-petition платформасына мәдениет және ақпарат министрлігіне Алматы мен Астанада өтеді деп жоспарланған ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін тоқтатуды талап етіп петиция жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Петиция мәтінінде Гагаринаның гастрольдік сапарлары қоғамның бір бөлігінде алаңдаушылық туғызатыны атап өтілген. Петиция авторларының айтуынша, әнші бұған дейін "халықаралық құқыққа қайшы әрі үлкен резонанс тудырған" саясатты ашық қолдаған. Олардың пікірінше, бұл Қазақстан қоғамында әлеуметтік шиеленіс әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, концерттердің өтуі Қазақстанның халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөніндегі сыртқы саяси ұстанымына қайшы. Өтініште екі негізгі талап көрсетілген. Біріншісі – Полина Гагаринаның Алматы мен Астанадағы концерттерін тоқтату, екіншісі – ұлтаралық келісім мен қоғамдық тәртіпке теріс әсер етуі мүмкін шетелдік әртістерді шақыру ісіне бақылауды күшейту. Жарияланған сәтте петиция 50 қол жинаған және әрі қарай дауыс беруге жабық. Ол қазір модерация кезеңінде тұр, бұл 20 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Полина Гагаринаның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Астанадағы концерті 27 қарашаға жоспарланған, алайда әзірге билеттер сатылымға шықпаған.

Related

Қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін өткізуге қарсы петиция жариялады · Todayinfo