Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жануарлар Германиядағы Берлин хайуанаттар бағынан арнайы әуе рейсімен Қостанай халықаралық әуежайына жеткізілген.

Ветеринарлық тексерулерден өткеннен кейін жылқылар бейімделу кезеңінен өту үшін «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының реинтродукция орталығына жіберілді. Осы жоба аясындағы алғашқы топ Чехиядан 2026 жылғы 1 маусымда жеткізілген болатын.

Қазақстан мен Прага хайуанаттар бағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін елге 40 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарланып отыр. Бұған дейін, 2024 және 2025 жылдары «Алтын Дала» резерватына жануарлардың алғашқы топтары жеткізілген. Ал 2026 жылғы мамырда бұрын әкелінген жылқылардың бір бөлігі табиғи ортаға жіберілді.