Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Қазақстанға атом электр станциясын Ресей салып беретін болды

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәлім етті. «Халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздегі алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға арн

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Қазақстанға атом электр станциясын Ресей салып беретін болды

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәлім етті.

«Халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздегі алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға арналған консорциум көшбасшысын айқындау жұмысын аяқтады.

Ашық және бәсекеге қабілетті диалог аясында реакторлық технологиялардың жетекші әлемдік өндірушілерімен келіссөздер жүргізіліп, олардың өндірістік нысандарына сапарлар ұйымдастырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әлеуетті жеткізушілердің «қысқа тізіміне» келесі компаниялар енді: «Росатом» (Ресей), «China National Nuclear Corporation» (Қытай), «Électricité de France» (Франция) және «Korea Hydro & Nuclear Power» (Оңтүстік Корея).

Тізімге енген компаниялар Қазақстанда АЭС салу бойынша техникалық және коммерциялық ұсыныстардан тұратын материалдардың кешенді пакетін ұсынды»,- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Росатом» ұсынған ұсыныстар негізінде Ресей Федерациясы тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі пысықталуда.

Related

Қазақстанға атом электр станциясын Ресей салып беретін болды · Todayinfo