Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады
ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды.
“Осылайша, Air Astana және Japan Airlines екі авиакомпанияға 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты”, -делінген хабарламада.
Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.  

Related

Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады · Todayinfo