Таиландтың Пхукет аралы маңында балықшылар кемесі мен туристік катер соқтығысып, салдарынан жиырмадан аса адам зардап шекті, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, катер бортында сегіз Қазақстан азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілген. Үш қазақстандық ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Емдеу шығындары сақтандыру компаниясы есебінен өтеледі. Консулдық қызмет азаматтармен тұрақты байланыста отыр, қажетті қолдау көрсетіп жатыр.
Оқиға 11 қаңтар күні Андаман теңізінде, Пхукет жағалауында болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:55-те Korawich Marine 888 экскурсиялық катері балықшылар кемесімен соқтығысқан. Катерде барлығы 55 адам болған, оның 52-і турист, үшеуіэкипаж мүшесі болған.
Апаттан кейін туристер мінген кеме корпусы зақымданып, суға батып кеткен. 18 жастағы Ресей Федерациясының азаматы қаза тауып, 23 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алған.
Фото: скринРоссиянка скончалась при крушении катера в Таиланде. Еще 19 туристов пострадали
Как сообщает газета Thairath, сегодня в 9:10 (5:10 мск) недалеко от острова Пхукет в Андаманском море скоростной катер с туристами столкнулся с рыболовецким судном. В результате произошедшего погибла… pic.twitter.com/hW8RlmC1Eu — Новая газета Европа (@novayagazeta_eu) January 11, 2026




