Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанның қой еті Сауд Арабиясы нарығына шықты: бұл несімен маңызды?

Қазақстан алғаш рет Сауд Арабиясына халал сертификаты бар қой етін экспорттады. «ҚазСтандарт» құжатының танылуы Парсы шығанағы елдеріне жол ашты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қазақстанның қой еті Сауд Арабиясы нарығына шықты: бұл несімен маңызды?

Қазақстан Сауд Арабиясына алғаш рет халал сертификаты бар қой етін экспорттай бастады. Бұл корольдіктің «ҚазСтандарт» ұлттық органының халал сертификатын ресми тануы арқылы мүмкін болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Сауд Арабиясының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына (Saudi Food and Drug Authority) қарасты Saudi Halal Center орталығында Қазақстаннан ешбір орган аккредиттелмеген еді. Енді «ҚазСтандарт» берген құжат өнімнің шариғат талаптарына және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін растайды. Осындай мойындаусыз экспорт жасау мүмкін емес болатын.

Қазақстандық өнімді сыртқы нарыққа шығаруға Агроөндірушілер және экспорттаушылар қауымдастығы атсалысып жатыр. Қауымдастықтың Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Сауд Арабиясындағы және Өзбекстандағы сауда өкілдіктері отандық етті ілгерілетумен айналысады.

Сарапшылардың пікірінше, талабы өте жоғары Сауд Арабиясы нарығына ену – Парсы шығанағындағы басқа елдерге де жол ашады. Бұл өз кезегінде экспорт географиясын кеңейтіп, Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп нарығындағы орнын нығайта түспек.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Қазақстанның қой еті Сауд Арабиясы нарығына шықты: бұл несімен маңызды? · Todayinfo