Қазақтардан Кенесарының басы үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі тергеуге алынды
Фото: Sputnik Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қылмыстық кодекстің «Ұлтаралық, этникалық, нәсілдік, діни немесе өңіраралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы Қайрат Примбердиев анықталғанын

Фото: Sputnik
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қылмыстық кодекстің «Ұлтаралық, этникалық, нәсілдік, діни немесе өңіраралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы Қайрат Примбердиев анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Аталған азамат «Айран - YouTube» арнасында ұлтаралық араздық тудыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған. Оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салу (қолхатпен босату) туралы шешім қабылданған.
Тергеу амалдары жүргізілуде
ҰҚМК қазіргі уақытта тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіп жатыр. Комитет азаматтарды ұлтаралық, этникалық және діни араздықты қоздырудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Мұндай әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Айран Медиа» жобасы туралы
2025 жылдың қаңтар айында қазақстандық «Айран Медиа» жобасы қазақ-қырғыз қарым-қатынасына арналған арнайы бағдарлама шығарған еді. Бағдарлама барысында қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев сұхбат беріп, Қырғыз Ормон ханның қазақ ханы Кенесары Қасымұлының басын алуы оқиғасына байланысты өз атынан кешірім сұраған болатын.
Related

Regions
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Қызылордада жаңа өндірістік кешен іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Экология и туризм: перспективы Алматинского горного кластера
Айғаным Нариманова·

Regions
Жамбыл облысында шағын және орта бизнес 3,1 трлн теңгенің өнімін өндірді
Айғаным Нариманова·