Астанада қатаяған аязға байланысты мектеп оқушылары тағы да қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, 26 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары сабақты үйден оқитын болды.
Бұл шешім «Қазгидромет» РМК болжамына сүйеніп қабылданған. Синоптиктердің мәліметінше, елордада түнде ауа температурасы -24...-26°C дейін төмендейді, ал күндіз -17...-19°C болады.
Бұған дейін елордада 24 және 25 ақпан күндері де қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар онлайн форматта білім алған еді.
Фото: Әлеуметтік желіден




