Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Қазіргі тойлар психозға шалдықтырады»: Омар Жәлел қазақ тойының кемшілігін айтты

Белгілі абайтанушы Омар Жәлел қазіргі тойларда қонақтарды өзіне қарату үшін автократиялық, тоталитарлық әдіс қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo . «20-ғасырда палаткада өткен тойлар әлдеқайда мағыналы болатын. Өйткені қонақтардың тойдан қарны ғана емес, көңілі тойы

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Қазіргі тойлар психозға шалдықтырады»: Омар Жәлел қазақ тойының кемшілігін айтты
Белгілі абайтанушы Омар Жәлел қазіргі тойларда қонақтарды өзіне қарату үшін автократиялық, тоталитарлық әдіс қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
«20-ғасырда палаткада өткен тойлар әлдеқайда мағыналы болатын. Өйткені қонақтардың тойдан қарны ғана емес, көңілі тойып қайтатын. Халықтың тойы еді. Кәдімгідей ол тойға дайындалатын. Ешқандай әнші шақырылмайтын. Арнайы асаба да болмайтын. Сол ауылдың жігіті басқара береді. Халық керемет демалып қайтатын. Ән айтып, ішіндегі шерін шығаратын. Көңілін емдейтін», - деді Омар Жәлел.
Ол қазіргі тойларға көңілі толмайтынын атап өтті. Айтуынша, музыканы қатты қоятыны соншалық, қасыңдағы адаммен де сөйлесе алмайсың.
«Бұл әдейі істелінеді. Жаппай психозға шалдықтыруды көздейді. Сен сол жердегі ахуалдан шықпауың керек. Адамдарға сөйлесуге мұрша берілмейді. Барлығы той басқарушының аузына қарап отыру керек. Соның ыңғайымен жүріп-тұрып, ығына жығылу керек. Бұл тойдағы автократиялық, тоталитарлық әдіс қой», - деп түйіндеді абайтанушы.
Фото: @omarjaleluly_official_page

Related

«Қазіргі тойлар психозға шалдықтырады»: Омар Жәлел қазақ тойының кемшілігін айтты · Todayinfo