«Министрліктің жұмыс топтары тәулік бойы кезекшілік жүргізіп, өңір каналдарындағы су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Су беру кезекпен жүргізіліп, шаруалармен түнгі суаруға көшу және егіс айналымы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десе де судың «көлеңкелі нарығын» жою мәселесі өзекті болып қала береді. Шардара су қоймасының маңында 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды. Бұған дейін біз заңсыз су алумен тиімді күресу үшін облыстың құқық қорғау органдарымен күш біріктірдік»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Сондай-ақ министр Шардара топтық су құбыры құрылысының барысымен танысты. Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Нысанның ұзындығы - 39,28 км. Жоба аясында I және II көтергіш сорғы станцияларын салу, сондай-ақ сегіз ұңғыманы бұрғылау жоспарда бар. Қуаттылығы тәулігіне 12 мың текше метр су құбыры Шардара қаласының және жақын маңдағы 22 елді мекеннің тұрғындарын «Шардара-Байырқұм» жерасты көзінен сумен қамтамасыз етеді.
«Қазсушардың» Түркістан филиалының екі өндірістік учаскесінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді
Фото: gov.kz Түркістан облысында «Қазсушардың» жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұған дейін олар қатаң сөгіс алған болатын,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оған аудандарда анықталған б

Фото: gov.kz
Түркістан облысында «Қазсушардың» жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұған дейін олар қатаң сөгіс алған болатын,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Оған аудандарда анықталған бұзушылықтар себеп болды. Атап айтқанда, Түркістан облысында күріш егу жоспары 3,3 еседен асып кеткен. Суармалы су тапшылығы қаупіне және 4000 га шегіне қарамастан, «Қазсушардың» жергілікті филиалы диқандармен 13 258 га күріш алқаптарын суаруға 1 047 келісімшарт жасасқан.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің өңірге жұмыс сапары жалғасып жатыр. Су ведомствосының басшысы Шардара ауданындағы су шаруашылығы жағдайымен танысты.
Бүгінгі таңда Қызылқұм каналы күріш, жүгері, мақта, көкөністер, жоңышқа, жүзім, бау-бақша дақылдары өсірілетін 28 366,1 га жерге су жеткізді. Вегетация кезеңі басталғалы бері канал арқылы су беруге 2 978 келісімшартқа қол қойылды.
Related

News
«Көргенсіздік»: Кесені кеудесіне киген қыздың фотосы жұртты шулатты
Айғаным Нариманова·

News
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

News
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·

News
Ранние арбузы: стоит ли опасаться нитратов и как выбрать безопасную ягоду?
Жаннұр Еділбаева·