Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазына толы: бюджетке жоспардан тыс 268,7 млрд теңге артық қаржы түсті

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 6,4 трлн теңге кіріс түсіп, жоспар 268,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қазына толы: бюджетке жоспардан тыс 268,7 млрд теңге артық қаржы түсті

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 6,4 трлн теңге кіріс түсіп, жоспар 268,7 млрд теңгеге артығымен орындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бірінші тоқсанда бюджетке 6,2 трлн теңге түседі деп жоспарланған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға көп. Жоспардың артығымен орындалуы республикалық және жергілікті бюджеттерде де байқалған.

«Кірістің артуына Қазақстанның экспорттық тауарларына бағаның өсуі, тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендірудің жақсаруы септігін тигізді», – делінген үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджетке салықтық түсімдер жоспары 113,7%-ға орындалып, қазынаға 2 979 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 129,4%-ға жоғары.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Қазына толы: бюджетке жоспардан тыс 268,7 млрд теңге артық қаржы түсті · Todayinfo