Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ұшақта бортсеріктермен сөзге келіп қалды.
Өнер иесі Алматыдан Астанаға бағыт алған №953 рейспен екі немересі мен келінімен бірге ұшқан. Оның айтуынша, қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ шамамен екі сағат кешігіп көтерілген.
Әншінің сөзінше, ол бортсеріктен бір бөтелке су сұраған. Алайда бортсерік бөтелкедегі су жоқ екенін айтқан. Сол кезде актриса ауызашар уақыты жақындағанда бір стақан су әкеліп беруін өтінген.
“Ауызашарға 20 минут қалғанда бортсерікті шақырсам, келмейді. Қызыл батырма жанып тұрғанын көріп тұрғанына қарамастан, келген жоқ. Кейін 10 минут қалғанда тағы бір бортсерік жанымнан өтіп бара жатқанда “Бір стақан су беріңізші” деп сұрадым. Қолымда немерем айғайлап жылап жатыр. “Қонғанда, өзіңіз келіп ішіп кетіңіз” деп өтіп кетті”, – дейді өнер иесі.
Айгүл Иманбаева қатты ашуға берілген.
“Ұятсыздар! Сіздер қандай мемлекетте тұратындарыңызды білесіздер ме? Қазір Рамазан айы ғой. Ашуланғаннан қолым дірілдеп тұр”, – деді әнші.
Айгүл Иманбаева бұл жағдай өзіне қатты әсер еткенін жасырмады. Оның айтуынша, бортсеріктің мұндай әрекеті көңіліне тиіп, ашуын келтірген.
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva



