Қостанай облысында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды
Фото: Қар құрсауында қалған автобус. Видео кадрдан: t.me/qr_tjm Бүгін Қостанай облысы Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жолдама» тас жолында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақп

Фото: Қар құрсауында қалған автобус. Видео кадрдан: t.me/qr_tjm
Бүгін Қостанай облысы Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жолдама» тас жолында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы ТЖМ ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ТЖМ қызметкерлері автобустан жақын маңдағы Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне 13 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады. «ТЖМ күштері 14 адам бар екі автобус пен жеті жеңіл көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығару жұмыстары жалғасуда. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ», - делінген хабарламада.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·