Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қостанайда супермаркет су астында қалды

Әлеуметтік желілерде таралған Қостанай қаласындағы супермаркетті су басуына қатысты түсінік берілді. «7 сәуірде Қостанай қаласындағы «Апельсин» супермаркетін су басты. Супермаркеттің иелері мен қызметкерлері алдын ала ескертіліп, эвакуацияланды. Жағдай тұрақталғаннан кейін апатта

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қостанайда супермаркет су астында қалды
Әлеуметтік желілерде таралған Қостанай қаласындағы супермаркетті су басуына қатысты түсінік берілді.
«7 сәуірде Қостанай қаласындағы «Апельсин» супермаркетін су басты. Супермаркеттің иелері мен қызметкерлері алдын ала ескертіліп, эвакуацияланды. Жағдай тұрақталғаннан кейін апаттан келген залал бағаланып, тиісті көмек көрсетіледі. 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай қаласында басқа супермаркеттер зардап шеккен жоқ. Азық-түлік жеткізу жағдайы тұрақты, сауда субъектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деді Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Мырзахан Ерқанов Instagram желісінде.
 

Related

Қостанайда супермаркет су астында қалды · Todayinfo