Мәжілістің жалпы отырысында Сенаттың Салық кодексіне енгізген өзгертулерін мақұлдады,деп хабарлайды Todayinfo.
Осыған дейін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар жаңа Салық кодексін екінші оқылымда Мәжіліске қайтарған еді.
Сонымен, құжаттағы маңызды өзгерістер төмендегідей:
• КТС (корпоративті табыс салығы): негізгі мөлшерлеме – 20%, банктер үшін 25% болады;
• ҚҚС (қосылған құн салығы): негізгі мөлшерлеме 12%-дан 16%-ға өседі. Дәрі-дәрмектерге, медициналық бұйымдар мен қызметтерге жеңілдетілген мөлшерлеме: 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады;
• ҚҚС шегі: 20 мың АЕК-тен 10 мың АЕК-ке дейін төмендейді (78,6 млн теңгеден 39,3 млн теңгеге дейін);
• ЖТС (жеке табыс салығы): жылдық табыс 8,5 мың АЕК-тен (33,4 млн теңге) асқанда 15% болады;
• Акциз: алкоголь және темекіге акциздер өседі, энергетикалық сусындарға жаңа акциз енгізіледі;
• Қымбат мүліктер: құны 75 млн теңгеден асатын көліктерге және құны 100 млн теңгеден асатын яхта мен ұшақтарға 10% акциз енгізіледі. Құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке 2% салық салынады.
Салық режимі: қолданыстағы 7 режимнің орнына үшеуі қалады:
• Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін – мөлшерлеме 4% (жылдық табыс 15 млн теңгеге дейін), ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде тіркелу талап етілмейді;
• Жеңілдетілген декларация – табыс лимиті 600 мың АЕК (2,36 млрд теңге), жұмысшылар санына шектеу жоқ. Мөлшерлеме – 4%, мәслихат оны 2%-дан 6%-ға дейін өзгерте алады;
• Шаруа қожалықтары мен фермалар – режим сақталады, бірақ бірыңғай жер салығының орнына ЖТС (жеке табыс салығы) енгізіледі.




