Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Құдай күйеуім мен енемнің жазасын берсін: Шымкентте балаларын қорлаған 29 жастағы әйел сотталды

Сот мәліметінше, әйел балаларын ұрып-соғып, денесін ыстық үтік пен қыздырылған шанышқымен күйдірген.

By Айдар Керім··1 min read
Құдай күйеуім мен енемнің жазасын берсін: Шымкентте балаларын қорлаған 29 жастағы әйел сотталды
📷 КТК

Шымкентте өз балаларын азаптады деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше, әйел 9 жастағы ұлы мен 11 жастағы қызына қорлық көрсеткен. Тергеу нұсқасы бойынша, бәрі әйелдің ұлын темекімен көргенінен басталған. Ол баланы ұрып-соғып, кейін қыздырылған шанышқымен аузын күйдірген.

Келесі күні әйел баланың кешірім сұрағанына қарамастан, оны тағы да соққыға жыққан. Ал арада екі күн өткен соң балаларды 10 мың теңге ұрлады деп күдіктеніп, ұлының бетін ыстық үтікпен, қызының ішін күйдірген.

Одан кейін анасы балалардың шашын тақырлап алып тастаған. Сотта бұл әрекет балаларға психологиялық зардап келтіргені айтылды.

Сондай-ақ әйелдің балаларды өзенге апарып, мұздай суға секіруге мәжбүрлегені, кейін оларды қылқындырғаны анықталды. 

Сотта әйелдің кінәсі балалардың өз жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға орнын қарау материалдарымен және айыпталушының мойындауымен дәлелденген.

Прокурор әйелді 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленушілердің өкілі – әйелдің бұрынғы енесі – сотталушыны кешіргенін айтқан.

«Сот жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні мойындау мен өкінуді ескерді. Сондай-ақ әйелдің ата-ана құқығы шектелгені назарға алынды. Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сотта Ергешова мұндай әрекетке ауыр тұрмыс пен жоқшылық салдарынан барғанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі Францияға кетіп, өзін төрт баламен қаражатсыз әрі азық-түліксіз қалдырған. Сот залында сөз сөйлеген әйел, күйеуі мен енесін қарғап үлгерді.

«Күйеуім мені үнемі ұрып-соқты. Енем мен күйеуіме құдай жазаларын берсін. Балаларымның мемлекеттің қарауына болғанын қалаймын. Он жыл бойы көрген қорлығымнан кейін шыдамым таусылды. Енем мен күйеуімді құдай жазаласын. Менде кек алу ойы болған жоқ. Аффект жағдайында болдым. Көзіме ештеңе көрінбеді… Күйеуім Францияға кетіп, мені көк тиынсыз қалдырды. Үйде тамақ та, газ да болмады. Соның бәрі мені қатты ызаландырды, – деді әйел сотта», - деді сот залында жылаған әйел.

Related

Құдай күйеуім мен енемнің жазасын берсін: Шымкентте балаларын қорлаған 29 жастағы әйел сотталды · Todayinfo