Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен Қазақстанның төрт баласының денесі табылған. 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел болып, тұрғындар мен туристер опат болды.– Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қырғызстанда қаза тапқан төрт баланың денесі туған жері Өскеменге жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізген. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылған. – Ө

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізген. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·