Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қырғызстанда жүк көлігі қаққан 19 бала әлі ауруханада жатыр

Жерге-Тал ауылында манасшылар сайысы кезінде жүк көлігі қағып, жарақат алған 19 бала ауруханада жатыр, деп жазады 24.kg. Елдің денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің айтуынша, Бішкек ауруханасында жатқан он баланың үшеуіне ота жасалған.Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Ж

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қырғызстанда жүк көлігі қаққан 19 бала әлі ауруханада жатыр
Жерге-Тал ауылында манасшылар сайысы кезінде жүк көлігі қағып, жарақат алған 19 бала ауруханада жатыр, деп жазады 24.kg.

Елдің денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің айтуынша, Бішкек ауруханасында жатқан он баланың үшеуіне ота жасалған.Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында өткен жас манасшылар байқауы қайғылы оқиғамен аяқталды.

«Олардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Төртеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бөлімшелерде жатыр. Жалал-Абадта тоғыз бала емделіп жатыр, оның бесеуінің жағдайы орташа ауыр, қалғандарының жағдайы бірқалыпты, біреуі үйіне шығарылды. Қалғанының бәрі консервативті ем алады», - деді елдің Денсаулық сақтау министрі.

Жайлауда өтіп жатқан шарада мектеп оқушылары «Манас» эпосынан үзінді оқыды.

Оқиға кезінде жиналған жасөспірімдерді «Портер» жүк көлігі қағып кетті. 34 бала зардап шекті. Жүргізуші үйқамаққа шығарылды.

Бұған дейін 2 мамыр күні Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі  қағып кеткен еді.

 

Related

Қырғызстанда жүк көлігі қаққан 19 бала әлі ауруханада жатыр · Todayinfo